![«Балапан» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/9/article_96876.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
«Қазақстан» РТРК» АҚ «Балапан» телеарнасының жаңа бағдарламаларына аутсорсинг компаниялар арасында өткізілетін байқаудың іріктеу турын жариялайды.
Байқауға қатысу туралы өтінімдер 2017 жылдың 29 маусымы мен 14 шілде аралығында Астана қаласы, Қонаев көшесі, 4 үй, 18 қабат, «Балапан» телеарнасында қабылданады.
Бағдарламаның жанрлық бағыты:
1. Әлеуметтік танымдық. Ұзақтығы 10 минут, аудиториясы 6+
2. Оқу-танымдық. Ұзақтығы 25 минут, аудиториясы 6+
3. Интеллектуалдық шоу. Ұзақтығы 20 минут, аудиториясы 6+
4. Анимация. Ұзақтығы 10 минут, аудиториясы 6+
5. Этнотанымдық жанр. Ұзақтығы 10 минут, аудиториясы 6+
Тілі: Қазақша
Ұсынылған бағдарламаға қойылатын талап: ҚР аумағында хабар тарату мен телевизия саласы жөніндегі ҚР заңнамасында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы керек.
Компанияға қойылатын талаптар: Конкурсқа қатысуға ниет білдірген компаниялар алдымен өтініш толтыруы тиіс. Өтініш толтырылмаған жағдайда компаниялар байқауға қатыса алмайды
Қатысушы төменде көрсетілген талаптарға сай болуы керек: Аутсорсинг компанияның телевизия саласындағы жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем болмауы керек (балалар аудиторисымен жұмыс істегендігі де ескеріледі), ұсынылған бағдарламадан басқа да шығармашылық жұмыстары ескеріледі.
Қосымша ақпарат: Қосымша компания туралы ақпарат пен жасалған жобалар туралы презентациялық материал ұсынуға болады.
Толығырақ ақпаратты 8 (7172) 55 34 12 телефонын нөмірі немесе balapantv@kaztrk.kz электронды мекенжайы арқылы алуға болады.
«Балапан» телеарнасының жаңа маусым бағдарламаларына арналған
байқауға қатысу туралы өтінім
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Балапан» телеарнасы аутсорсинг компаниялар арасында байқау жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113038/)