«Таңшолпан» бағдарламасы маусым айынан бастап көрермендер арасында «Бұл - менің қалам» байқауын өткізді. Шарт бойынша қатысушы өзінің тұрып жатқан қаласының көрікті жерлерін, көрнекті орындарын бейнежазбаға түсіруі керек.
Редакция қоржынына еліміздің әр аймағындағы қала тұрғындарынан 50-ден астам видео келіп түсті. Олардың ішінен іріктеліп алынған бейнежазбалар тікелей эфирден көрсетілді.
Байқау жеңімпаздары «Үздік түсірілім» және «Патриот тұрғын» аталымдары бойынша анықталды.
Бүгін жүзден жүйрік шыққан 8 қатысушының есімдері бағдарлама барысында жарияланды. Оларға арнайы бағалы сыйлық пен Алғыс хат та ұсынылмақ.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпан» бағдарламасы ұйымдастырған «Бұл - менің қалам» байқауының үздіктері анықталды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113051/)