«Таңшолпан». Астанада ашық аспан астында «Қарақат мектеп-студиясының» гала-концерті өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Астанада ашық аспан астында «Қарақат мектеп-студиясының» гала-концерті өтті

11.07.2017

Шараның басты мақсаты – қала қонақтары мен тұрғындарын Астана күнімен құттықтап, халық алдында есеп беру.

Концертте алғаш болып мектеп-студия шәкірттері өнерлерін көрсетіп, көрермендерге мерекелік көңіл-күй сыйлады. Кеш жас түлектерге сертификат табыстау рәсіміне ұласты.

«Керемет мереке қарсаңында біз де өз үлесімізді қосып, мектебіміздің жетістіктерін көрсетіп, таланттарымыздың тартуын ұсынып отырмыз. Көрермендермен жүздескеніме бақыттымын»,- дейді Қарақат Әбілдина.

Концертті Алматыдан арнайы келген «Ұлытау» тобы жалғастырды.

Хабарламаларға жазылу