«Заман» тобы бүгін таңғы бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Астанаға 83 жыл тарихы бар Құрманғазы атындағы академиялық қазақ ұлт аспаптар оркестрімен «ЭКСПО-2017» көрмесінде өнер көрсетуге келдік. 11 шілдеде басталған концерт үш рет болды. Ендігі концерт 16 шілдеде жалғасады.
Ұлықпан Жолдасовтың «Өмір - өзен» әнін оркестрмен орындадық. Керемет болды. Біз үшін бұл - кішігірім сынақ», - дейді өнер иелері.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпан». 16 шілдеде «ЭКСПО» көрмесі аясында «Заман» тобының концерті өтеді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113089/)