![Астана мектептерінде жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_100182.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
Елордада оқу жылының басталуына арналған салтанатты сап түзеу 2 қыркүйекте өтеді. Бұл туралы Астана білім беру басқармасының баспасөз хатшысы Жазира Асанова мәлім етті.
«Бірінші қыркүйек - Білім күні еліміздегі Құрбан айт мейрамына сәйкес келуіне байланысты, мектептердегі 2017-2018 оқу жылына арналған салтанатты сап түзеу 2 қыркүйек күні өтеді. Қалалық мектептерде оқу үрдісі өзгеріссіз осы күні басталады. Колледждерде сабақ 18 қыркүйекте басталады», - деп жазды ол Фейсбукте.
inform.kz
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Астана мектептерінде жаңа оқу жылы 2 қыркүйекте басталады&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113197/)