![«Алтын тобылғы» әдебиет байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_100868.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры жыл сайын дәстүрлі түрде өткізілетін «Алтын Тобылғы» әдебиет байқауын жариялайды. Өтінімдер 2017 жылғы 1 қарашаға дейін қабылданады.
Байқауға 18-35 жас аралығындағы үміткерлер қатыса алады. Сондай-ақ, бұдан бұрын еш жерде жарияланбаған туындылар ғана қабылданады.
«Алтын Тобылғы» сыйлығы «Үздік проза», «Үздік поэзия», «Үздік драматургия», «Үздік балаларға арналған шығарма» сияқты төрт номинация бойынша тағайындалған. Әрбір аталымның жеңімпазына 1 миллион теңге сыйақы беріледі.
Сонымен қатар, биылғы жылы ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласындағы мақсаттарды жүзеге асыруға арналған арнайы тақырыптық номинация жарияланды. Бұл «Туған ел» номинациясы бойынша сыйақы 1,5 миллион теңге көлемінде белгіленді.
Сыйақының жалпы қоры – 5,5 миллион теңге.
Шығармаларды еліміздің танымал мәдениет қайраткерлері, ақын-жазушылар мен журналистерінен құралған Қазылар алқасы сараптайтын болады. Жұмыстар лақап атпен қабылданады.
Жобаның серіктестері – Қазақстан Жазушылар одағы және Мемлекеттік тілді дамыту қоры.
ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры «Алтын Тобылғы» әдебиет сыйлығын алғаш рет 2015 жылы тағайындаған. Байқаудың негізгі мақсаты – ұлттық әдебиетте жаңа есімдерді қалыптастыру және жас қаламгерлердің өмірлік философиясын көрсететін қазіргі заманғы әдебиетке қоғамның қызығушылығын арттыру.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Алтын тобылғы» әдебиет байқауына өтінімдер қабылдау жалғасуда&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113257/)