Бүгін Ұлттық арнада «Елден хабар» және «Дабыл» атты қос бірдей бағдарламаның тұсауы кесіледі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін Ұлттық арнада «Елден хабар» және «Дабыл» атты қос бірдей бағдарламаның тұсауы кесіледі (ВИДЕО)

28.08.2017

Бүгіннен бастап жаңа маусымның шымылдығын түрген «Қазақстан» Ұлттық арнасының көпшілікке тартуы көп. Телеарнаның ақпараттық-сараптамалық бағдарламалар дирекциясының  жаңа маусымға әзірлігі мен дайындық жұмыстары жайлы дирекция директоры Ерлан Атамбай айтты. Сондақ-ақ,  баршаны ақпараттық-сараптамалық дирекциясының аясынан шығатын бағдарламалардың тұрақты көрермені болуға шақырды.

Бұған дейін көрерменге  жол тартқан «1 студия», «Журналистік зерттеу», «Басты тақырып» бағдарламаларының да студиялары жаңартылып, құрылымдық жағынан өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, әлеуметтік жағдайларға талдау жасайтын «Апта» бағдарламасында да айтарлықтай жаңалық бар. Бұдан былай, хабарда өз саласы бойынша үздік атанған сарапшы-мамандар тобы жасақталады.

Ал, көптің көкейіндегі мәселені көгілдір экранға шығарып, күрмеуін  шешуге атсалысып жүрген «мәселеліктердің» ендігі ұстанымы турасында жоба жетекшісі Нартай Аралбайұлы ойын ортаға салды.

«Мәселенің жаңа телемаусымы 2-ші қыркүйекте, сағат 20:00-де  тікелей эфирде шығады», - дейді жоба авторы.

Айта кетерлігі, жаңа маусымда қос бірдей бағдарламаның тұсауы кесілмек. Саламат Омаш жүргізетін «Елден хабарға» кез-келген тұрғын өз өңіріндегі  бір оқиғаны таспаға түсіріп жібере алады. Ал, «Дабыл» бағдарламасы елімізде және әлемде болған төтенше жағдайлар, оқыс оқиғалар  жайлы баяндайды.

«Елден хабар» бағдарламасын бүгін 17:15-те «Дабыл» хабарын 23:35-те көре аласыздар.

Хабарламаларға жазылу