Ол адамды адамгершілік пен сұлулыққа, өмірдің мәнін ұғынуға шақырады. Ақыл мен парасатқа үндейді.
Бүгін - театр өнерінің майталманы, ҚР Халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпованың туған күні.
Зәмзәгүл Нүсіпбайқызы Шәріпова киноға 1955 жылдан бері түсе бастады. Оның үлкен экрандағы алғашқы рөлі – «Дала қызы» көркем фильмі еді.
Бұрын тек сахналық фильмдерде рөл сомдаған Зәмзәгүл Нүсіпбайқызына кино өнерінің асулары оңай бағына қоймады.
«Мен өткен ғасырдың 50-інші жылдарынан бері қазақ театры мен кино өнері саласында қызмет етіп келемін. Театрсыз ұлтты, мемлекетті мәдениетті және өркениетті ел деп айту қиын. Театр – асыл да, ардақты, бекзат өнер», - дейді туған күн иесі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпан». Бүгін – ҚР халық әртісі Зәмзәгүл Шәріпованың туған күні (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113304/)