Белгілі айтыс ақыны Серік Құсанбаев «Таңшолпанда» қонақта - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Белгілі айтыс ақыны Серік Құсанбаев «Таңшолпанда» қонақта

12.09.2017

13 қыркүйек күні ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру»  мақаласына арналған «Рух жаңғырығы» атты халықаралық ақындар айтысы өтеді. Айтыс тізгінін  бүгінгі таңғы бағдарлама  қонағы Серік Құсанбаев жүргізетін болады. Айтыскер ақын  аталмыш айтыс турасында әңгіме өрбітті.

Айтыстан журналистикаға қарай бет бұрған Шығыс Қазақстан облысы Зайсан  ауданының тумасы Серік Құсанбаев қазіргі таңда журналистика саласында қызмет жасап, 10 жылдан аса  уақыт облыстық  «Дидар» газетінде тілші болып  жұмыс істеген. Осы жылдың басынан бастап «Шығыс ақпарат» медиа холдингінің шығармашылық жөніндегі директорының  орынбасары болып қызмет етіп жүр.

Сұхбат барысында айтыскер ақын: «Айналып келгенде ақындық пен журналистиканың арасында көзге көрінбейтін бір байланыс бар секілді»,- дейді.

Сондай-ақ, ақынды сағынған тыңдармандар хабарласып, өздерінің игі тілектерін тілеп, көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.

 

Хабарламаларға жазылу