Бүгін «Басты тақырып» хабарында қонақ болған «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов кәсіпкерлікке мектеп қабырғасынан бастап баулу жобасына қатысты пікір білдірді.
«Кәсіпкерлікке оқыған азаматтың бәрі кәсіпкер бола бермейді. Тек 10-15 пайызы болар. Бірақ ойында қалса, алдағы уақытта басқа салада жұмыс істесе де, көмегі тиеді. Сондықтан, 2019 жылы 4 сыныптан бастап сабақ жүргізіледі», - дейді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов.
Сондай-ақ, ол биыл 80 ауданда, келесі жылы барлық аудан орталығында кәсіпкерлік туралы бір айлық курс ашылатынын айтты. Оған жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтитын азаматтар, ауыл тұрғындары қатыса алады.
Сұхбаттың толық нұсқасы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Абылай Мырзахметов: 2019 жылдан бастап мектеп бағдарламасына кәсіпкерлік сабағы енгізіледі (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113423/)