«Таңшолпан». Фируза Шәріпова Ева Вальстремді жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Фируза Шәріпова Ева Вальстремді жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО

21.09.2017

Қазақстаннан шыққан кәсіпқой бокстан қыздар арасындағы алғашқы Әлем чемпионы Фируза Шәріпова «Таңшолпан» бағдарламасына эксклюзивті сұхбат берді.

26-тамызда өткен жекпе-жекте Фируза Шәріпова болгар спортшысы Милена Колеваны 10-шы раундта жеңді. Осылайша, Фируза әйелдер арасындағы кәсіпқой бокстан қазақ жерінен шыққан тұңғыш чемпион титулын иеленді.

«Кәсіби бокстан алғашқы чемпион болу - менің арманым еді. Сол үшін қолдан келгенді жасадық. Ең ауыры - кездесу алдындағы қобалжу. Бірақ, кездесудің Қазақстанда өткені мен үшін жеңілдік болды. Командам мықты. Кездесуге Мәскеуде дайындалдық», - дейді спортшы. 

Студия қонағы сондай-ақ, финляндиялық Ева Вальстреммен кездесуі туралы айтты.

«Ең бірінші ұсынысты менің менеджерлерім жасады. Біз оған жақсы шарттар ұсындық. Бірақ, ол бас тартты. Келесіде кездесеміз.

Мен жанкүйерлерімнің қолдауын әрдайым сеземін. Бұрынғы жаттықтырушыларым үнемі қолдайды. Жамбыл облысының Спорт басқармасы, халқы әрдайым демеу көрсетіп отырады. Мен үшін бұл - өте маңызды.

Ендігі кездесу Алматыда Тұңғыш Президент күніне орай 1-желтоқсанда өтеді. Ол жекпе-жек басқа салмақ пен басқа нұсқада  - кәсіби бокста абсолютті чемпион титулы үшін болады».

Хабарламаларға жазылу