«Дара жол» бағдарламасының үшінші маусымдағы алғашқы қонағы – ақын-драматург Иран-Ғайып (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Дара жол» бағдарламасының үшінші маусымдағы алғашқы қонағы – ақын-драматург Иран-Ғайып (ВИДЕО)

24.09.2017

«Дара жол» бағдарламасы жаңа маусымдағы шымылдығын жаңа студияда ашты. Алғашқы кейіпкері – ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Парасат» орденінің иегері,  ҚР-ның Еңбек сіңірген қайраткері,  ақын-драматург Иран-Ғайып.

Ақын сөз басын жырдан бастап,  Мұқағали Мақатаев туралы қызықты естеліктерімен бөлісті.

«Мұқаң қай бір жетіскеннен айтты дейсің мені тентек деп.  Ол кісі адам деуге келмейтін, пайғамбар деп айтсаң Алла тағаладан қаймығасың, бір түрлілеу  адам еді. Өзі нардай болғанымен жаны, жүрегінің бәрі елжіреп, ешкімге тиісе алмай, біреу тиіссе жауап бере алмайтын», - дей келе, Мұқағали Мақатаевты бір көрген кездегі оқиғасын айтты.

Сонымен қатар, драматург студенттік өміріндегі қиындықтарды айта келе, «Сол заманда су мен қосып ішетін қара нанға бұл жалған дүниеде жететін тағам жоқ» -деді.

Сондай-ақ,  бағдарлама барысында драматург көпшілікке «Абай» шығармасын қалай жазғандығын да айтып, «Абай десем» атты өлеңін тарту етті.

Бағдарламаның толық нұсқасы

Хабарламаларға жазылу