Жыршы, ҚР Мәдениет қайраткері Амандық Көмекұлы бағдарлама төрінде боллды.
Амандық Көмекұлы Ұлттық арнада өтіп жатқан «Мен қазақпын» мегажобасының қазылар алқасының қатарында.
«Дәстүрлі өнерді насихаттайтын «Мен қазақпын» жобасы - керемет дүние. Қазақстанның барлық облыстарынан, шет мемлекеттен келген өнерпаздар қатысып жатыр. Мен бірінші турға қатыстым. Бірінен-бірі өткен жүйріктердің өнеріне куә болдық. Әсіресе, сыртта жүрген ағайындардың атамекенге деген сағыныштары жүректі ауыртады. Жақсымызға қуанып, кемшіліктерге қиналып жатады.
Жалпы, дәстүрлі өнер - адамның ұлтшылдық қасиетін, ұлтын ұлықтайтындай, шын мәніне келгенде, патриоттық сезімін оятатын, отансүйгіштікке баулитын бірден-бір дүние», - дейді өнер иесі.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпан». Амандық Көмекұлы: Дәстүрлі өнерді насихаттайтын «Мен қазақпын» жобасы – ерекше жоба&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113572/)