«Таңшолпан» бағдарламасында музыка күніне орай опера әншісі, ҚР Еңбек сіңірген әртісі Жаннат Бақтай мен ҚР-ның Еңбек сіңірген қайреткері, опера әншісі Сүндет Байғожин қонақта болды.
«Астана Опера» театрында күз маусымында жыл сайын мерекелік концерт болады. Биылғы жылдағы концерт бүгінгі күнге тұспа-тұс келді.
Аталмыш кеш театрдың камералық залында өтеді. Маусымның немен ерекшеленетінін бағдарлама қонақтары бөлісті. Концерт репертуарында ежелгі композиторлардың шығармалары орындалады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін «Астана Опера» театрында «Музыканың ғажап сиқыры» атты концерт өтеді (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113582/)