Қостанай облысында «Экспо-2017» көрмесінің шамамен 10 жобасын іске асыру жоспарланған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қостанай облысында «Экспо-2017» көрмесінің шамамен 10 жобасын іске асыру жоспарланған

25.10.2017
Қостанай облысында «Экспо-2017» көрмесінің шамамен 10 жобасын іске асыру жоспарланған

«Халықаралық «Экспо-2017» мамандандырылған көрмесінде» ұсынылған технологиялар мен жаңа ғылыми әдістерді практикалық қолдану туралы ҚР Үкіметінің баспасөз орталығындағы брифингте Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры Еркін Әбіл айтып берді.

Спикердің айтуынша, облыс аймағында іске асырылуы мүмкін он жоба іріктелді. Мысалға, қаланың «Қостанай Су» коммуналдық кәсіпорны екі жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Олардың бірі — ауданы 7 мың га, көлемі 50 млн текше метр Қостанайдың ағын су жинауышы бойынша. Жаңа технологияларды қолдану жинауышты экологиялық талаптарға дейін тазартуға мүмкіндік береді, және бұл сәйкесінше қала мен облыстың экологиясының сапасын жақсартады.

Лисаков қаласында көшелерді жарықтандыруға күн батареясынан қуат алатын шамдар пайдаланылады. Сондай-ақ, мұнда неміс әріптестерімізбен ынтымақтастық орнату және жергілікті жылу көзінде газ қазандығын орнату жоспарланған. Сондай-ақ, қалада неміс әріптестермен жергілікті жылу көзінде газ қазандығын орнату бойынша ынтымақтастық орнату жоспарланған. Жаңа жабдық ай сайын 3,5 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, ірі жобалармен қатар көрнекі әсер беретін шағын жобалар да енгізіліп жатыр. 

«Осындай мысалдардың бірі – барлық қызу шамдарын жарықдиодтыға ауыстырдық. Таза үнемдеу шамамен жылына 800 мың теңгені құрайды. Алайда, біздің міндетіміз – экономикалық әсер де емес, студенттердің санасын өзгерту, экологиялық сананы енгізу және студенттердің зерттеу белсенділігін жандандыру», —деп атап өтті ректор.

Облыстың барлық жобалары, құны мен енгізудің нақты жоспарын нақтылаудан кейін бірыңғай жол картасына жиналады.

«Заманауи ЖОО негізгі миссиясы құрылып жатқан ғылымды қажет ететін бағыттардағы жұмысқа мамандардың жаңа буынын даярлау болып табылады. Біздің институтта бұл бағыттағы жұмыс 2012 жылдан бастап жүргізіліп келеді. Барлық факультеттерде қосымша эксперименттік алаңы бар студенттік зерттеу топтары құрылды. Студенттердің жобалық-зерттеу қызметін ынталандыру мақсатында жыл сайын студенттік стартаптар байқауы өткізіледі, оларды қолдауға бір миллионнан астам теңге бөлінді», — деп атап өтті Е. Әбіл.

Жаратылыстану ғылымдары факультетінің студенттері зерттеу жүргізуде, онда олар күн энергиясы мен ашық жерде ылғал үнемдейтін технологияларды қолданады. Ректор айтып өткендей, студент Бородина Анастасияның тұрғын үй-коммуналдық секторда энергия үнемдеу жолдарын іздеуге арналған «Қостанай қаласындағы энергия үнемдейтін технологиялар» ғылыми жобасы Қостанай кәсіпкерлерінің арасында кеңінен танылды.

«Осылайша, “Экспо-2017” ұзақмерзімді әлеуметтік-экономикалық әсерді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді, ел экономикасын одан әрі әртараптандыруға және жаңғыртуға, Қазақстанның “жасыл” экономикаға көшуіне, туристік саланы, қонақ үй бизнесін, қызмет көрсету саласын дамытуға қуатты серпін берді», — деп түйіндеді Е. Әбіл.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу