«Таңшолпан». Әкімхан Мәженов: Өнер адамдары үшін ең бастысы - қарапайымдылық - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». Әкімхан Мәженов: Өнер адамдары үшін ең бастысы - қарапайымдылық

31.10.2017

Әнші Әкімхан Мәженов студия қонағы болып, өнердегі және өмірдегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Мен Өзбекстан Республикасында дүниеге келдім. Сол жақта мектеп бітірдім. Кейін Қазақстанға келіп, Қазақ ұлттық университетінің колледжін тәмамдадым. Оны бітіріп, университетке оқуға түстім. Қазір студентпін. Ән қоржынымда 10-нан аса туынды бар. Жаңа бағыттағы әндер жазған кездерім де болды. Мысалы, қобыз, домбырамен орындалатын шығармалар.

Өнер адамдары үшін ең бастысы - қарапайымдылық. Адам баласының бойынан бағалайтын қасиеттер - шынайылық, адамгершілік», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу