«Негізі менің әлі орындалмаған бір арманым бар. Ол – симфониялық оркестрмен концерт беру. Ол қай уақытта орындалатынын білмеймін. Бірақ, Алла Тағала соған жеткізіп жатса, менде басқа арман жоқ», - дейді сазгер.
Ал, Сейфуллин Жолбарыстың кешіре алмайтыны қателігі - сатқындық. «Осы орта белге келгенше, талай жігіттерден сатқындық көрдім. Кешіремін, бірақ араласпаймын», -деді ол. Сонымен қатар композитор қателік, кемшіліктермен қалай күресетінін айтты.
Бағдарлама барысында Бақыт Тұрман сазгердің «Ақ құсым» әнін шырқап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Әнші, сазгер Сейфуллин Жолбарыстың орындалмаған бір арманы.. (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113836/)