Әзірбайжан әншісі Ефенди атақты «Егіз лебіз» әнін айтты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әзірбайжан әншісі Ефенди атақты «Егіз лебіз» әнін айтты

05.11.2017

«Silk way star» сахнасына келесі болып Әзірбайжан елінің намысын қорғауға келген Ефенди шықты. Бүгін ол атақты «Егіз лебіз» әнін айтты.

 

«Бүгін мен де қазақтың классикалық  әнін орындаймын. Қазақ тілінде ән айту маған ләззат сыйлайды. Қазақ және Әзірбайжан тілдері ұқсас», - дейді махаббат туралы классикалық әнді таңдаған Ефенди.

 

Қазылар алқасының мүшесі Хакан Солакер (Түркия):

 

- Музыка жағынан Әзірбайжанның мүмкіндігі көп. Талантты әншілері де жетерлік. Біреуін міне, бүгін көріп отырмын. Керемет саxналық қойылым, би, әдемі қазақ әні, үстіңдегі көйлегің барлығы саған орайластырып жасалған. Раxаттана тыңдадым.

 

Хабарламаларға жазылу