Бүгінгі кейіпкер ардагерлер арасында өткен сайыстың жеңімпазы 68 жастағы Шәкен Күлкібаев. Шәкен ата жас кезінен спортпен шұғылданады. Қария салауатты өмір салтының құпиясымен бөлісті.
«Жасым 68-де. Бұл спортқа жас кезімнен әуес болдым. Қазір бейбіт заман. Бала-шағаның қызығын көру үшін өмір сүремін. Арасында спортпен шұғылданамын. Жарыстарға шақырады. Қатысамын. Спорт алаңына немерелерімді де ертіп әкелемін. Олардың салауатты өмір салтын ұстанғанын қалаймын. 3 ұлдан тараған 12 немерем бар.
Жарыстарға қатысқаныма екі жыл болды. Басында аудан, биыл қала бойынша қатысып, кеудені жұлқа көтеруден жүлделі болдым», - дейді Шәкен ата.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Таңшолпан». 68 жастағы Шәкен Күлкібаев кеудені жұлқа көтеруден рекорд орнатты (ВИДЕО)&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113864/)