«Сазгер» бағдарламасының бүгінгі шығарылымы танымал композитор Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылығына арналды. Хабар барысында сазгер өзінің шығармашылығымен, әндерінің шығу тарихымен бөлісті
Кеште Төлеген Мұхамеджановтың халықтың тағдырына тікелей байланысты «Заман-ай» әнін Роза Рымбаева орындап, туындының шығу тарихына тоқталды.
«1989 жылы «Азия дауысы» байқауында ұлттық тақырыпта ән айту қажет болды. Төлеген мен Ұлықбек ағамыз екеуі «Заман-ай» әнін жазып, Тасқын мен Талғат өңдеу жасап, әнді орындап шықтым», - дейді әнші.
«Бала кезімде сол жарылыстарды көрдім. Басымыздан өткіздік. Сондықтан, бұл ән көз жасымызбен дүниеге келген. Әнімнің осындай деңгейде орындалуына Розаның алдында басымды иемін», - деді бағдарламаның бас кейіпкері.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Төлеген Мұхамеджанов: «Заман-ай» әні көз жасымызбен дүниеге келген&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/113912/)