Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Гүлшара Есетқызының «Дара жолы»
Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері, ұстаз Гүлшара Есетқызы биыл 70 жасқа толады.
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының тумасымын. Ата-анамның, өзімнің туып-өскен жерім. Менің алдымда 4-5 бала шетінеп кеткен. Мен дүниеге келгенде әжем ырымдап, анам екеумізді ешкімге көрсетпей баққан. Менен кейін балалар ілесті. Іні,сіңлілерім бар. Әулетімізде барлығы өнер адамдары.
6 жасымда әріп танып, газет оқитын болғанмын. Содан әкем мені мектепке ерте берген. Соғыстан кейінгі уақыт. Ауылдың адамдарына Пушкиннің өлеңдерін оқып береді екенмін. Өлең айтуды ерте бастадым. Қыс-жазға қарамай клубта ән салатынбыз. Ол кезде микрофон да, шам да жоқ. Үлкен өнер адамдарының қанатының астында өсіп, адам болдық», - дейді Гүлшара Есетқызы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Гүлшара Есетқызы: Мен дүниеге келгенде әжем ырымдап, ешкімге көрсетпей баққан&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/114005/)