«Qazaq» радиосында жұлдыздардың қатысумен өтетін «Ән салайық!» атты жаңа бағдарлама тұсауын кесті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Qazaq» радиосында жұлдыздардың қатысумен өтетін «Ән салайық!» атты жаңа бағдарлама тұсауын кесті (ВИДЕО)

19.12.2017

Радио жүргізушілері Әйгерім Оралбекқызы мен Ертас Жақыпбай «Таңшолпан» студиясында қонақта болып, «Qazaq» радиосындағы басты жаңалықтармен бөлісті.

Жүргізушілердің сөзінше, қазіргі кезде тыңдармандар радионы тек тыңдап қана қоймай, әлеуметтік желі арқылы көру мүмкіндігіне де ие болған. Сондай-ақ, бұрын радио эфирінде таспа бағдарламалар көп болса, бүгінде тікелей эфирге шығатын хабарлар саны көбейген. «Qazaq» радиосындағы жаңалықтардың бірі - тікелей эфирде жұлдыздардың қатысуымен жанды дауыста ән орындалатын «Ән салайық!» атты хабардың шығуы. Осы уақытқа дейін бағдарламаның 3 саны эфирге шыққан. Әншілерді тікелей эфир кезінде «Radio band» тобы сүйемелдейді.

«Бұл - шетелдік радиоларда бар бағдарлама. Біздің мақсатымыз – қазіргі таңдағы әншілерді жанды дауыста ән айталатынын және де фонограммаға қарсы «Қазақ» радиосының үлесі деуге болады», - дейді Әйгерім Оралбекқызы.

Айта кету керек, «Ән салайық!» бағдарламасы әр сейсенбі күні сағат 22:00-де «Qazaq» радиосының тікелей толқынынан шығады.

Хабарламаларға жазылу