«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы - кино және театр режиссері, әртіс Талғат Теменов. Актер студияда өмірдің мәні, махаббат, әйел бақыты, отбасының бақыты туралы сөз қозғады.
«Бала кезімде философ болуды армандадым. Философия - көне ғылым. Ол өмірдің мәнін, күн мен түннің, жақсылық пен жамандықтың салыстырмалы ұғымдары. Ол - өмірдің заңдылығын іздеу. Өмірдің мәні мен мағынасы – сүйікті ісің, ана тілің, отбасың мен еліңнің тыныштығы.
Меніңше, із қалдыру - мақсат емес. Кез келген жұмысты із қалдырам деп бастау - ақымақтық. Бастысы, қолыңнан келгенше қызмет ет, жасаған дүниең халықтың жүрегінен орын алатындай болсын. Мысалы, театрдан бес адам көңіліне шуақ алып шықса, із қалдыру деген – осы», - дейді өнер иесі.
Ал, әйел бақыты туралы: «Әйелдің бақыты – сүйікті мамандығы, қоғамдағы орны, отбасы мен бала-шағасы. Егер әйел баласы өзінің бір адамға, ортаға керек екенін сезінсе, бақытқа бөленеді. Ол гармония деп аталады», деген пікірін білдірді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Бақытты әйел». Талғат Теменов: Әйел үшін өзінің бір адамға, қоғамға керек екенін сезіну - бақыт&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/114203/)