ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ержан Құдайберген «Таңшолпанның» төрінде қонақ болды.
Күні кеше Елбасы Парламент палаталарының бірлескен отырысын өткізді. Президенттің 5 әлеуметтік бастамасы халыққа жарияланды. Олар: баспана, салық, білім, шағын несие және газдандыру мәселелері. Студия қонағы Елбасының үндеуін түсіндіріп, өз пікірімен бөлісті.
«Елбасының кешегі үндеуі халыққа қажет және уақытылы бастама. Жан-жақты ойластырылған. Аймақтарға барғанда халықтың қолжетімді баспанаға қатысты сұрақтары көп екенін көріп жүрміз. Көп жылдан бері баспанаға қол жеткізе алмай жүрген азаматтар үшін Елбасы ұсынған «7 – 20 – 25» бағдарламасы мүмкіндік бермек. Қазір Ұлттық Банк пен Үкіметке тапсырма берілді», - дейді депутат.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Ержан Құдайберген: «7 – 20 – 25» бағдарламасы баспанаға қол жеткізе алмай жүрген азаматтарға мүмкіндік&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/114379/)