![«balapan» телеарнасы 13-наурызда жаңа маусым бойынша таныстырылым өткізеді](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_110242.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2018 жылдың 13-наурызында «Қазмедиа орталығында» «Қазақстан» РТРК» АҚ «balapan» телеарнасының жаңа маусымының таныстырылымы өтеді.
«balapan» арнасы 15-наурыздан бастап көрермен назарына 8 жаңа жоба ұсынады. Атап айтқанда, көктемгі маусымда телеарна контенті ғылыми-танымдық, ақпараттық, отбасылық бағдарламалармен және тікелей эфирдегі ток-шоу секілді ішкі өнімдермен толықпақ. Сонымен қатар, «balapan» тарихында тұңғыш рет ата-аналарға арналған бағдарламаның тұсауы кесіледі.
Таныстырылымға мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері, журналистер мен олардың балалары – арнамыздың көрермендері қатысады.
Басталуы: 14:00-де (21-қабат. Конференция залы)
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«balapan» телеарнасы 13-наурызда жаңа маусым бойынша таныстырылым өткізеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/114405/)