![«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Q-pop idols» реалити-шоуының тұсауы кесіледі](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_110939.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
31 наурыз күні «Qazaqstan» Ұлттық арнасының эфирінде «Q-pop idols» (Qazaq pop idols) реалити-шоуының тұсауы кесіледі. Музыкалық телебайқау форматындағы жобаның жетекшісі - танымал продюсер, музыкант Ерболат Беделхан.
Жаңа музыкалық бағдарламаның мақсаты – заманауи музыка арқылы жастар арасында қазақ тілін насихаттау. Реалити-шоу талабы бойынша қатысушылар вокал, би және қазіргі заманғы музыканың ерекшеліктерінен хабардар болуы керек. Атап айтқанда, жобада өлең, ән жаза алатын дарынды үміткерлер бақ сынасады.
Сонымен қатар, «Q-pop idols» жеңімпаздары «Juz’I’m» деп аталатын қыздардан құралған жаңа топтың құрамына енетін болады. Жоба кастингінде елімізден өзге, Ресей және Қытайдан 800-ден астам жас дарынды қыздар қатысты.
Жаңа реалити-шоу эфирге 31 наурыздан бастап әр сенбі сайын 22:45-те шығады.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Qazaqstan» Ұлттық телеарнасынан «Q-pop idols» реалити-шоуының тұсауы кесіледі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/114459/)