Еліміздің барлық өңірлерінде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүріп жатыр. Әскери комиссариаттар 18-27 жас аралығындағы жастар арасынан 17 мыңын іріктеу алулары қажет. Ал, олардың саны 300 мыңнан асады. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда аз. Алайда, бұл дәрігерлер үшін оңайға түсіп жатқан жоқ. Себебі, ауру-сырқаулар көбейген.
«Ақсауыт» хабарының кезекті шығарылымында 8 жыл бұрын жасалған медициналық реформаның жастар денсаулығына тигізген кері әсері мен әскерден қашатындарға қолданылатын жаза туралы айтылды.
Дәрігерлердің айтуынша, әскерге жарамсыздардың саны жыл өткен сайын көбеюде. Осыдан 10-15 жыл бұрын сапқа тұруға денсаулығы келмейтін бірең-сараң болса, қазірде ауру-сырқаулардың сан түрі бар екен.
Гүлнәр Бұтынбаева, Әскерге шақыру медициналық комиссиясының төрайымы:
- Анализ бойынша, биыл жастардың денсаулығында көбіне көз ақауы болып тұр. Сәйкесінше, олар әскерге бара алмайды.
Толығырақ «Ақсауыттан» көріңіз
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Ақсауытта» 8 жыл бұрынғы медициналық реформа мен әскерден қашатындарға қолданылатын жаза туралы айтылды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/114468/)