Қарақат Әбілдина: Өзімді қиындық көрмеген жандардың қатарына жатқызар едім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарақат Әбілдина: Өзімді қиындық көрмеген жандардың қатарына жатқызар едім

02.04.2018

«Мақпалдың мекені» айдарының бүгінгі қонағы әнші, 5 баланың анасы Қарақат Әбілдина.

Қарақат Әбілдина: 

Өзімді қиындық көрмеген жандардың қатарына жатқызар едім. Барлық жақындарым қасымда, мейірімін мен үшін төгіп келеді. Ата-анамның, жақындарымның, жақсы адамдардың арқасында Қарақат болып қалыптастым. 5 баланың анасымын, 3 қалада мектебім бар, 400-ге жуық шәкіртім бар. Биыл мектеп ашқаныма 10 жыл толады.

6 сәуір күні үлкен есеп беру концертім өтеді. Барлығы өз кезегімен келеді. Артымызға қарасақ шүкіршілік ететін жағдайдамыз. Болашаққа келсек ол дұрыс ұрпақ тәрбиледеу, тілімізді, мәдениетімізді дамыту. Әрқайсысымыз өзімізден бастап балаларымызды еліміздің патриоты етіп өсіру – біздің үлкен үлесіміз.

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу