«Астана» футбол клубының атқарушы директоры Қайсар Бекенов студия қонағы болды.
«14 сәуір күні «Астана» және «Қайрат» футбол клубы кездеседі. Бұл ойынды күтіп отырмыз. Ел чемпионатының алғашқы 4 кезеңінде «Астана» футбол командасы жеңіске жетті.
«Астана» футбол клубына жаңа бапкер келді. Ол командада жаңа адам емес. Жаңа бапкер - жаңа ойлар. Ойыншылар арасында өзгерістер болды.
5 жыл бұрын клубты ешкім танымайтын. Жанкүйерлер де аз еді. Қазір жақсы нәтижелерге жеттік. Еуропада да таниды», - дейді студия қонағы.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=14 сәуір күні «Астана» мен «Қайрат» футбол командалары кездеседі&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/114518/)