Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы студия қонағы болды. Жазушы қазақтың салт-дәстүрлері туралы сөз қозғады.
Болат Бопайұлы 1960 жылы Қытай Халық Республикасы, Алтай аймағында дүниеге келген. 1986 жылы Іле педагогикалық университетін, 1998 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген.
Үрімші қаласында ұстаздық етті. «Шыңжаң жастар-өрендер баспасында» редакторлық қызмет атқарды.
«Қазақтың алғыстары мен қарғыстары», «Қазақ ырымдары» атты кітабы қазақ және орыс тілінде жарық көрді. Одан басқа «Сөз саралау өнері» атты ғылыми-зерттеу кітабы, «Ақыт ақиқаты» атты монографиялық еңбегі, «Қазақ кәделері», «Асыл қазына», «Қазақтың түс жоруы» атты кітаптары оқырмандар қолына тиді.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жазушы-этнограф Болат Бопайұлы «Таңшолпанның» төрінде&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/114579/)