Серік Ибрагимов: Батырхан Шүкенов ағамыздың жолын таңдағаныма өкінбеймін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Серік Ибрагимов: Батырхан Шүкенов ағамыздың жолын таңдағаныма өкінбеймін

02.05.2018

Әнші Серік Ибрагимов Алматы студиясының төрінде қонақ боды. Жуырда ғана «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын иеленген әнші өміріндегі және шығармашылығындағы жаңалықтарымен бөлісті.

«Бұл сыйлықты жақында алдым. Оның артында үлкен салмақ пен жауапкершілік жатыр. Биыл үлкен сахнада жүргеніме – 5 жыл. Осыған орай мейрам қарсаңында Талғар қаласында жеке концертім басталды. Концерттік сапар Оразаға дейін жалғасады. Оразадан кейін Алматы мен Астанада үлкен концерт беремін. Өзімді жаңа қырымнан көрсеткім келеді. Сондықтан, үлкен дайындық болып жатыр. Концерт жанды дауыста өтеді.

9 сыныпты бітіргеннен кейін Қызылорда музыкалық колледжіне оқуға түстім. Колледжде Батырхан Шүкенов ағамыз маған «кларнетте ойнасаң, саксофонда ойнай аласың» деп қызықтырды. Батыр ағамыздың жолын таңдап, 8 жыл оқуға арнадым. Таңдағаныма өкінбеймін», - дейді өнер иесі.

 

 

Толық нұсқа

Хабарламаларға жазылу