Ақылбек Жеменей: Бұдан былай әндерімнің сөзін Ринат жазады деп шештім - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ақылбек Жеменей: Бұдан былай әндерімнің сөзін Ринат жазады деп шештім

08.06.2018

Әнші Ақылбек Жеменей «Таңшолпанның» қонағы болып, жаңа «Не хабар?» әнінің тұсауын кесті.

 

«Жақында Ринат Зайытовтың сөзіне жазылған «Не хабар?» атты әнім жарыққа шығады. Бұдан былай әндерімнің сөзін Ринат жазады деп шештім. Одан басқа «Тәубе» әніне бейнебаян жазылып жатыр. Бір айдың көлемінде ол да халық назарына ұсынылатын болады.

«Қызыл өрік» әнін тойларда сұраса орындаймын. Бірақ, қазіргі әндерім басқа бағытта, махаббат емес, өмір туралы, маңызы тереңірек. Есейген Ақылбектің әндері десе де болады.

Ән хит болу үшін ең бастысы – әуен, мықты ақын, жақсы сапа. Жас әншілерге айтарым, сапасыз 10 ән жазғанша, сапалы екі ән жазған артық. 10 әнге жұмсаған қаражатты бір әнге жұмсасаң, міндетті түрде нәтиже болады», - дейді әнші.

 

 

«Толық нұсқа»

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу