ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, композитор Төлеген Мұхамеджанов студия қонағы болды.
«Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен бүгін Астананың 20 жылдығына арнап есеп беру кешім өтеді. Биыл Астанаға көшіп келегеніме – 20 жыл. Сондықтан кешімді «Астана – менің тағдырым» депатадым. Бұл концерт, алдымен, өз-өзіме есеп беру концерті.
Бүгінгі музыканың деңгейі – биік. Қазіргі жастарға тамсанамын. Жастар өте дарынды. Әртүрлі музыкалық шоуларға көзқарасым жақсы. Бірақ, оны өмір салтына айналдырмау керек. Өйткені өмір - шоу емес.
Жасыратыны жоқ, концертіме өзім таңдап, бағалайтын, менің жазған әндерімді орындайтын әншілер қатысады. Ол Роза Рымбаева, Мейрамбек Беспаев, Жанар Дұғалова, Алтынай және үйдегі ханшайым - жұбайым. Бұлардың өнеріне тамсанамын», - дейді өнер иесі.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Play Market сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Бүгін Астанада Төлеген Мұхамеджановтың шығармашылық кеші өтеді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/114857/)