Тұрар Әліпбаев: Күй - қазаққа дарыған құдіретті өнер - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Тұрар Әліпбаев: Күй - қазаққа дарыған құдіретті өнер

01.07.2018

«Таңшолпан» бағдарламасында ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор Тұрар Әліпбаев пен «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Айгүл Елшібаева қонақта болып, күй өнерінің ерекшеліктері туралы әңгімеледі. 

Профессор Тұрар Әліпбаевтың сөзінше, күй - Алланың қазаққа берген құдіретті өнері. Өзге халықта мұндай өнер жоқ. Қонақкәдеге ол Құрманғазының «Ұзақ Ақжелең» күйін тарту етсе, Айгүл Елшібаева Наурызбектің «Домбыраны қолға алып» атты термесін шырқады.

«Осы Ұлттық домбыра күнінде әніміз, күйіміз, жырымыздың арнайы шырқалып жатқанының өзі керемет деп ойлаймын. Домбыра қазақтың әнші, жыршы, ақындарына серік болған аспап», - дейді А.Елшібаева.

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу