
Бүгін Астанадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде ҚР Тұңғыш Президентінің жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» IХ республикалық турнирі өтіп жатыр. Турнирдің ашылуына «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев, күрестен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Арман Шораев, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин, үш дүркін «Қазақстан барысы» Бейбіт Ыстыбаев қатысты.
Елорданың 20 жылдық мерейтойына арналып, тоғызыншы рет өтіп жатқан турнирдің жаңалығы да жетерлік. Биыл ОҚО-да іріктеу өткен палуандар енді Түркістан облысының атынан өнер көрсетсе, Шымкент қаласының намысын екі палуан қорғауда. Олар: Ержан Дүйсенбеков және Әділжан Ыстыбаев. Осылайша, беделді бәсекеге еліміздің 14 облысы, Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан 37 үздік палуан бақ сынауда.
Биылғы жарыстың жүлде қоры да қомақты. Жеңімпаз атанған палуанға алтын белбеу және алтыннан құйылған «тайтұяқ» табысталады. Екінші және үшінші орынға сәйкесінше күміс және қола белбеу беріледі.
Сонымен қатар, ақшалай жүлделер төмендегідей:
Әр белдесудегі жеңіске - 100 000 теңге;
ІІІ орын - 1 800 000 теңге;
Бапкеріне - 900 000 теңге.
ІІ орын - 5 500 000 теңге;
Бапкеріне - 1 800 000 теңге;
І орын - 25 000 000 теңге;
Бапкеріне - 3 500 000 теңге.
&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/114881/)