«Жаңа қоныс-3» телехикаясы шын өмірдегі оқиғаларға негізделген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Жаңа қоныс-3» телехикаясы шын өмірдегі оқиғаларға негізделген

17.09.2018

Жуырда «Жаңа қоныс-3» телехикаясы көрермендге жол тартты. Телехикая актерлері, продюсері Алматы студиясының төрінде қонақ болды. Кино және театр актрисасы Бақыт Әліпбаева, продюсер Рауан Шуақбаев, Нұрсұлтан Жақсыгенов жаңа маусымның ерекшелігімен, жаңалықтармен бөлісті.

«Жаңа қоныс-3» жаңа маусымының ерекшелігі - Нұрсұлтан бұрын оқушы болса, енді студент. Жаңа пәтерге тағы көштік.  Киноның идеялары шын өмірдегі оқиғаларға негізделген. Киноның мақсаты күлдіру емес, берілген рөлді алып шығу. Өзімді басқа жанрда да көрдім. Бірақ комедиялық рөлді сомдау маған жақын екен», -  дейді Бақыт Әліпбаева.

«Кинодағы актердің образына сай келемін. Бала кезімде өзім де осындай едім. Әлеуметтік желіде кинодағы ата-анамды шын мәнінде ата-анам деп қабылдайды», - дейді Нұрсұлтан Жақсыгенов.

«Кинода сценарийге қатты мән беріледі. Фильм тәлім-тәрбие мен дәстүрге толы. Былайша айтқанда, отбасындағы субардинация. Мысалы, әкенің балаға, баланың әкеге, қызының анаға, ананың қызға қалай сөйлеу керек екендігі, абысындардың өзара сөйлесуі. Тіл мәселесіне де мән берілген. Диалект сөздер жоқ. Таза тіл десек те болады», - Рауан Шуақбаев.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

 

Хабарламаларға жазылу