Әлібек Асқаров: Еліміздегі ақын, жазушы, суретші, ғалымдардың сайтын жасауға кірістік - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлібек Асқаров: Еліміздегі ақын, жазушы, суретші, ғалымдардың сайтын жасауға кірістік

04.10.2018

Жазушы, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Әлібек Асқаров Алматы студиясының қонағы болды.

«Жалпы, қоғам цифрландыруға көшіп жатқаннан кейін Ақпараттық технологиялық орталығымен бірігіп, үлкен жобаны іске асырып жатырмыз. Шындығын айту керек, ақын, жазушы, суретшілер интернет мәселесімен жұмыс істей алмайды. Олар тек ақ қағазға үйренген.

Осыған орай Ғылым академиясы, біздің мекеме, Ақпараттық технологиялық орталығымен бірлесіп Меморандумға қол қойдық. Демек, еліміздегі ақын, жазушы, суретші, ғалымдардың сайтын жасауға кірістік. Оның мақсаты – жастарға ғалымдардың, ақын, жазушылардың еңбектерін көрсету.

Ол сайтқа халық білетін тұлғалардың еңбектері жазылады. Бұл жоба еліміздің мәдениетін насихаттаудың жолы. Қазіргі тізім бойынша лайық дегендерді бекітіп жатырмыз. Жобаға кейін де жаңа ғалым, ақын, суретші, жазушылар тіркеледі. Олардың жеке өмірі, шығармашылығы туралы деректер де болады», - дейді қонақ.

 

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу