Еліміздің жас өнертапқыштары зағип жандарға арналған құрылғы ойлап тапты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Еліміздің жас өнертапқыштары зағип жандарға арналған құрылғы ойлап тапты

09.10.2018

Дүниежүзінде жыл сайын робототехника қарыштап дамып келеді. Әсіресе, студенттер мен мектеп оқушыларының робот құрастыратын үйірлерге қызығушылығы жоғары. Жапондық жастар жаңа технологияны ойлап шығарудан бірінші орында тұр. Мысалы, 8 жасар жапон баласы өз қиялындағы роботты жасап, көпшілікті таңқалдырды. Ал, ресейлік 15 жасар өнертапқыш аула тазалайтын  роботты құрастырып, өндірісте қолдануға патент алған. Тапсырыс беруші компаниялар көп екен.

Біздің елімізде де робот құрастыратын жас өнертапқыштар аз емес. Солардың бірі 16 жасар Любовь. Ол 8-ші сыныптан бері робототехникамен шұғылданады. Ол бағасы қымбат роботтарды емес, мүмкіндігі шектеулі жандарға қажет техника құрастыруды жоспарлайды. Жас өнертапқыш Қытайда өткен Халықаралық байқауға қатысып, бірінші орынды иеленді.

Бұл құрылғыға зағип жандарға арналған кітапхана тарапынан сұраныс бар. Себебі бұл көзі нашар көретін жастардың білім алуына өте қажет.

Алпауыт компаниялар роботтардың көмегіне жиі жүгінеді. Себебі бір робот он жұмысшының орнын ауыстыра алады. Әлемдегі ең үлкен әрі ең қымбат роботты кореялық компания құрастырған. Салмағы 105 тонналық техникаға 200 млн доллар қаржы жұмсалған.

Біздің елімізде де робототехника дамыса, жас өнертапқыштарымыз құрастырған роботтарға сұраныс көбейетіні сөзсіз.  

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу