Жетімді жетелеу – сауаптың ісі. Оны асырап, сақтап, мұратына жеткізу одан зор міндет. Кісілігі зор, түсінігі мол Жанар мен Жәнібек секілді патронат ата-аналар аманатқа қиянат келтірмеуді көздеуде.
13 жасар Света мен 9 жасар Захар - ағайынды. Қазір екеуі бір әулетте өсіп жатыр. Балалар үйін еске алу олар үшін қиын. Буыны қатпаған бауырлар асырап алған ата-аналарына перзенттік парыздарын ақтауға асық.
8 баланы асырауға алған Жанар мен Жәнібек бүгінде 1-ші сыныпта оқып жүрген Дарияжанды балалар үйінен 4 айлығында әкеліп, бауырларына басқан.
Бүгінде бір отбасыға айналған жандар туралы «Shanyraq» бағдарламасында.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play