Әнші Ақылбек Жеменей Алматы студиясының қонағы болды.
«Қазіргі уақытта авторлық әндер жазып жатырмын. Ұстанып жүрген бағытым өзіме ұнайды. Жақын арада жаңа бейнебаян халық назарына ұсынылады.
Ринат Заитовпен бір-екі трек жазып үлгердік. Бұл кіші, орта буын үшін қызық деп ойлаймын. Өйткені Ринат ақын ретінде маңызды тақырыптарды қозғайды. Халық өнердің бұл түрін жақсы қабылдайды деп ойлаймын», - дейді өнер иесі.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.