«Astana sazy» ансамблінің жетекшісі Бауыржан Ақтаев: Қазір көрермен талғамы бұрынғыдай емес - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Astana sazy» ансамблінің жетекшісі Бауыржан Ақтаев: Қазір көрермен талғамы бұрынғыдай емес

01.11.2018

2 қараша күні Астана қаласының 20 жылдығына орай «Astana sazy» фольклорьлық ансамблінің «Ұлы дала сазы» атты концерті өтеді.

Ұжымның құрылғанына көп уақыт өтпесе де, жетістіктері аз емес. Ансамбльдің көркемдік жетекшісі Бауыржан Ақтаев, ансамбль мүшелері Серік Закария, Гүлмира Асылбек және Венера Табыс «Таңшолпан» бағдарламасына сұхбат берді.

Концертте ансамбльдің өңдеуінде авторлық шығармалар орындалалды. «Фольклорлық ансамбль болғандықтан, біз тек ұлттық аспаптарды қолданамыз. Дәстүрлі бағыттағы туындылар заманауи өңделуі керек. Қазір көрермендердің талғамы бұрынғыдай емес. Өнерге жаңаша көзқараспен қарайды. Халықпен, заманмен бірге дамып отыруымыз керек», - дейді Бауыржан Ақтаев.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу