Әнші Рысбек Аташ: «Арай» тобына ренішім жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әнші Рысбек Аташ: «Арай» тобына ренішім жоқ

06.11.2018

Әнші Рысбек Аташ Алматы студиясының қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.

«Арай» тобында Ринат Зайытовпен бірлесіп көп жұмыс атқардық. Қазір жеке шығармашылықпен айналыссам да, әндерімнің сөзін көбіне Ринаттың өзі жазады. 

Сондай-ақ, жақында «Екі ғашық», «Қарындасым» бейнебаяндары халыққа жол тартады.

Досым, бауырым Нұржан Керменбаевпен дуэт айтсақ деген жоспарымыз бар. Екеуміздің әніміз жақсы дүние болады деген ойдамын. Одан кейін қырғыз бауырларымызбен ән алмасып отырамыз. Бұйырса, бірге орындау да ойда бар.

«Арай» тобында 11 жыл ән айттым. Ол топ маған көп нәрсе берді. «Топқа ренішің бар ма?» дейтін адамдарға айтарым, ешқандай өкпем жоқ», - дейді әнші.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу