Асылы Осман: Ұлттың ұлт болып қалыптасуына негіз болатын – тіл - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Асылы Осман: Ұлттың ұлт болып қалыптасуына негіз болатын – тіл

13.11.2018

Қоғам қайраткері, профессор, филология ғылымдарының докторы Асылы Осман Алматы студиясының қонағы болды. Ұлт жанашыры ұлттық тәрбие, ұлттық идея, руханият туралы сөз қозғады.

«Мәңгілік ел боламыз десек, негізгі мақсатымыз, идеямыз ұлтымыздың бұрыннан келе жатқан әдет-ғұрпын, салтын, қазақтың кодын қалыптастыруымыз керек. Ұлттың ұлт болып қалыптасуына негіз болатын – тіл. Тілдің жаны - сөз. Тілімізді жөндеуіміз керек.

Қазақтың тілге керемет ақын, жазушылары бар. Барлық өмірін осыған сарп еткен  қазақтың қанша алыптары болған. Мен сол қазақ алыптарының ісін суытпай әрі қарай жалғасқанын қалаймын.

Рухани жаңғыруды меніңше ұсақтатып жіберген сияқты. Рухани жаңғыру – Елбасының алдымызға қойған мақсаты. Ол – сана. Не жасасақ та саналы түрде жасауымыз керек. Елбасының әр Жолдауының өз ерекшелігі бар. Биылғы Жолдауда қоғамда жетіспей жүрген мәселе көтерілген. Ал осыны жүзеге асыру - біздің міндетіміз», - дейді Асылы Осман.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.    

Хабарламаларға жазылу