Америкалық Джеймс Элиссон мен жапондық Тасуку Хондзё биыл медицина саласы бойынша Нобель сыйлығын алады. Олар қатерлі ісікті емдеудің тың тәсілін ұсынды. Адамзат үшін дауасы жоқ дертке айналған ракты бұл ғалымдардың жаңалығы арқылы емдесе, науқас тез аяқтан тұрады. «Қатерлі ісікті емдеудегі революция» аталған жаңалықты ашқан екі ғалымның бірі Джеймс Элиссонның анасы мен екі бауыры рактан қайтыс болған. Ал, қазір бұл азаматтар миллиондаған адамның жүрегіне үміт отын жақты. Біздің елдегі науқастар қашан осы ғаламат жаңалықтың негізінде емделе алады? Тың тәсіл елдің бәріне бірдей қолжетімді бола ма?
1965 жылы Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының жанынан Халықаралық қатерлі ісікті зерттеу агенттігі құрылды. Содан бергі бұл ұйымның деректері жаға ұстатады. Өйткені, ракқа шалдыққандардың саны жыл сайын артып барады. Мәселен, 2000 жылы қатерлі ісік 10 миллион адамнан анықталған, оның 8 миллионы көз жұмған.
Қатерлі ісіктен емделудің қандай тиімді жолдары бар?
Гүлжазира ҒАЛИҚЫЗЫ
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.