![«Tamasha TV» арнасы телевизиялық жобаларға байқау жариялайды](https://cdn.qazaqstan.tv/old/articles/1/article_120676.jpg?w=928&h=522&format=jpg&resize=aspectfill&g=center)
2018 жылдың 5 қарашасы мен 5 желтоқсан аралығында «TAMASHA TV» телеарнасы телевизиялық жобалар бойынша өтінімдер қабылдайды.
Бағдарламалар жанры: әзіл, ойын-сауықтық, скетчком, танымдық, интеллектуалдық.
Бағдарламалар бағыты: отансүйгіштік (патриотизм), елдің дамуы, отбасылық құндылықтар, ұрпақтар сабақтастығы, тәлім-тәрбие, рухани құндылықтар.
Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:
- Қазақ және орыс тілдерінде синопсис (көлемі 2 парақ, шрифт Times New Roman, көлемі 12, (бағдарлама атауы, ұзақтығы, серия саны, шығу мерзімі, мақсаты мен міндеті, жанры, құрылымы);
- Қазақ және орыс тілінде презентациялар немесе бес минуттық бейнероликтер;
- Қатысушы портфолиосы;
- Жұмыс тәжірибесі;
- Техникалық жабдықталуы;
- Білікті мамандар құрамы.
Ұсыныстарды қарау кезінде мұндай контентті өндіру тәжірибесі бар компанияларға басымдық беріледі.
Өтінімдер Астана қ., Қонаев көш., 4, «TAMASHA TV» телеарнасы (14-қабат) мекенжайы бойынша немесе director@tamashakz.tv электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Қосымша ақпарат: 8 (717)2 75-71-27
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Tamasha TV» арнасы телевизиялық жобаларға байқау жариялайды&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115364/)