Франция десе «Эйфель» мұнарасы, АҚШ десе «Азаттық» ескерткіші ойға оралады. Еліміздің зиялы қауым өкілдері қазақтың бренді дайын болуға лайық темір асыл мұраны «Алтын адам» жәдігерімен байланыстырады. Бұл құндылық Сақ дәуірінің өзінде өнердің жоғары деңгейде дамығанын айқындайды. Тарихшылардың пайымдауынша, Алтын адам жас көсем, әскербасы болған деседі. Бір деректерде сақтар көсемінің ұлы деген де кездеседі.
Алтын адамның киімі 4 мыңға жуық алтын әшекеймен безендірілген. Әртүрлі құстар мен аң белгіленіп, камзолы аң стилінде буылған. Сондай-ақ, бас киімнің өзі ерекше мағынаға ие.
«Алтын адам» ескерткіші туралы айтқанда, мұны тек әшекей бұйым емес, үлкен мән-мағыналы, сол кездегі идеологияны бойына жинаған ескерткіш деп қараған жөн. Елбасының «Ұлы даланың жеті қараы» атты мақаласында осы Алтын адамға арналған арнайы бөлім бар.
Алтын адамның бас киімі үлкен идеологиялық символға негізделген. Ол үш әлем түсінігі: аспан, жер, су әлемі. Ол түсініктер бас киімде жануарлар арқылы бейнеленген. Бас киім әлемнің төрт бұрышына да билік жүргіземіз деген түсініктер», - дейді археология және этнография секторының жетекшісі Пердехан Мұсырманқұл.
1969 жылы археолог Кемел Ақышевтің зерттеу жұмыстарының негізінде Есік қорғаннан табылған Алтын адам тарихымыздың тереңде жатқанын айғақтайды. Ұлттық жәдігердің түпнұсқасы Астанадаға Ұлттық мүзейдің «Алтын» залында сақталған.
«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.