Бүгін «Таңшолпанда» «Сарын» тобы мен режиссер Бота Кобаева қонақ болды.
Бағдарламаға «Жан әке» әнінің бейнебаянын алып келіп, тұсауын кесті.
Аталмыш бейнебаян әскери қызметте жүрген әкелерге құрмет көрсету ниетінен туған. Сондай-ақ, әскери қызметте жүрген әкелерге балаларының тағзымы ретінде жазылған.
«Сарын» тобы осыған дейін бірнеше байқауларға қатысқан. Олар «алдағы уақытта белгілі бір жарысты көздеп отырған жоқпыз, ұсыныс түсіп жатса, қарсылық танытпаймыз»,- деп өз ойын білдірді.
Режиссер Бота Кобаева осы бейнебаянды түсірер алдында 2 ай дайындық жұмыстарын жүргізгенін айтты. Бейнеклиптің бас кейіпкері ретінде Әділ Ахметов таңдалған. Әнбаян 4 күн түсірілген. Бейнеклип түсірілген уақытта, Алтынайдың денсаулығы сыр бергенімен, клиптің түсірілім жұмыстары тоқтамаған.
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=«Сарын» тобы «Жан әке» әніне бейнебаян түсірді&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115424/)