Балалар жазушысы Сұлтан Қалиевтің шығармашылғы - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Балалар жазушысы Сұлтан Қалиевтің шығармашылғы

09.01.2019

Балалар әдебиеті – тәрбиенің қайнар бұлағы. Баланың білімі оқып-зерделеген түсінігі, әдебиет арқылы қалыптасады. Бұл салада қалам ұстаған әр жанның жауапкершілігі үлкен.

Бұл ретте балалар әдебиетінің қаймағын шығарған, үлкен ізденіспен қабырғасын қалаған Сұлтан Қалиевтің орны ерекше. Бала психологиясын терең меңгерген қаламгердің шығармалары ешкімді қайталамайтындай ерекше.

1943 жылы Жамбыл облысында туған Сұлтан Қалиев Абай атындағы педагогикалық училищені, Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын Жамбыл облысы Шу ауданының 8 жылдық мектебінде мұғалім болудан бастаған. Кейін Қазақ радиосының музыка, балалар редакциясында қызмет еткен. 1973 жылдан бастап «Балдырған» журналының жауапты хатшысы, 1991 жылдан зейнеткерлік демалысқа шыққанға дейін «Ұлан» газетінің бас редакторы болды.

Жекелеген өлеңдері орыс, украин, өзбек, грузин, түрікмен, қарақалпақ, қырғыз, әзірбайжан тілдеріне аударылып, жарық көрді.

Оның аударуында қазақ тілінде С.Маршактың «Ақымақ тышқан туралы ертегі», С.Михалковтың «Степа ағай», Р.Ғамзатовтың «Менің атам» поэмалары, Р.Киплингтің бірнеше ертегісі «Пілдің баласы» деген атпен, Бақытжан Момышұлының «Мен әлі сәбимін» повестері мен әңгімелері, «Жанымның жарық жүлдызы» романы жеке кітап болып шыққан.

Қаламгер балалар әдебиетінің дамуына өлшеусіз үлес қосып, жеткіншектердің рухани тәрбиесі жолында аянбай тер төкті.

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу