Алмас Сырғабаев : Бір романды бір картинаға сыйдыруға болады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алмас Сырғабаев : Бір романды бір картинаға сыйдыруға болады

15.01.2019

Балалар әдебиеті - сөз өнерінің арналы бір саласы. Әдебиеттің бұл түріне жататын шығармалар оқиғасының қызықты да тартымдылығымен, композициясының ширақтығымен ерекшеленеді. Балалар әдебиетінің негізгі мақсаттары: жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл-ойын дамыту, оларды адамгершілікке, отансүйгіштікке баулу. Ал, елімізде балалар әдебиеті қандай деңгейде? Балаларға арналған шетел әдебиеті мен отандық әдебиеттің айырмашылығы қандай? Суретшілер кітап саласындағы суреттерге неге қызықпайды? Балалар оқулықтарының иллюстрациясы елімзде неге ақсап тұр?

Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, суретші Алмас Сырғабаев студия қонағы болып, осы және басқа сұрақтарға жауап берді.

«Біз – жас мемлекетпіз. Дамыған мемлекеттерде балабақшада, бастауыш сыныптарда сурет талдайтын пәндер бар. Мысалы, арт-терапия. Тіпті, ол жақта емханаға барғанда баланың көңілін аулау үшін суреттер салынған. Мектепте бейнелеу өнер пәні, өнер тарихы сабақтары өтеді. Музейдегі экскурсоводтардың өздері бала. Демек, мәдениет қалыптасқан. Осындай тәрбие бізге келсе, тамаша болар еді», дейді суретші.

Сондай-ақ, қылқалам шебері суретшілердің қаламақысы туралы сөз қозғады.

«Түк жоқ деп айтуға болмайды. Жақсы дүниелер жасалып жатыр. Бір мәселе, баспада суретшілердің қаламақысы аз. Соған көңіл толмауы мүмкін. Сондықтан, суретте керек күш болмайды. 

Мысалы, Кеңес заманында Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясы Седоркиннің иллюстрациясымен шыққан. Олкітап сұмдық оқылды. Себебі, сол кездегі идеология рухты көтеретін. Сондай дүние көбірек болса біздің ұрпақ та патриот болады. Керек десең, бір романды бір картинаға сыйдыруға болады. Пикассоның «әрбір сәби – суреткер», деген сөзі бар. Демек, ол оқып отырған дүниесін сурет арқылы қабылдайды. Иллюстрация - адамды тәрбиелейтін құрал».

 

Толық нұсқа

 

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз. 

Хабарламаларға жазылу