Жапонияның оңтүстік-батысын жайлаған тасқыннан кемінде 3 адам қаза тапты. Толассыз жауыннан Сага префектурасында екі өзен арнасынан тасып, лай көшкіні жүрді. Топан су жолындағының бәрін шайып, ағаштарды жұлып әкеткен.
Жергілікті метеорология қызметі қауіпке байланысты ең жоғарғы 5-ші деңгейлі дабыл жариялады. Синоптиктердің хабарлауынша, Сана және Таку қалаларында жауын-шашын мөлшері сағатына 120 миллиметрге жеткен. Сондықтан жергілікті билік 850 мыңға жуық тұрғынды эвакуациялап жатыр. Апат салдарымен күреске 100-ден астам әскери жұмылдырылды.
Нөсер жауын алдағы уақытта Кюсю аралы мен Токио қаласындада күтіліп отыр. Сондықтан адамдарға алыс жолға шықпай, сақ болу ескертілді.
Жансая ҚАПАСҚЫЗЫ
![](https://px.mediadata.kz/s.gif?mh_id=7916e9245b3c5232be2c21bfdafded87&mh_news=Жапонияда тасқыннан 3 адам қаза тапты&mh_tags=Qazaqstan&mh_page=https://qazaqstan.tv./index.php/news/115589/)